1 қарашада елордада автобустар жүрмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні елордада қоғамдық көлік жұмысы бір күнге тоқтатылады.

Еске саламыз, 1 қарашада, жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес елордадағы қоғамдық көлік жүрмейді. Дүйсенбі, 2 қарашадан бастап қалалық және қала маңындағы бағыттар өз жолаушыларын әдеттегі кесте бойынша күтеді, - деп жазды CTS баспасөз қызметі.

Айта кетейік, автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады.

Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы