1 қаңтардан бастап тұтынушыларға арналған сайт іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында 2021 жылы 1 қаңтардан бастан e-tutynushy.kz сайты іске қосылғанын айтып берді.

Оның айтуынша, ішкі сауданы дамытудың екінші маңызды құрамдас бөлігі техникалық реттеу саласын реформалау. 

Сонымен қатар, алқа отырысында вице-министр былтыр тұтынушыларды қауіпсіз емес өнімнен қорғауға, мемлекеттік бақылау кезінде жедел ден қою тетігін енгізуге және сәйкестікті бағалау рәсімдерін жетілдіруге, сертификаттау процестерін цифрландыруға бағытталған жаңа редакциядағы «Техникалық реттеу туралы» Заң қабылданғанын айтты.

Бұл Заңның жаңалығы – субъектілерді бақылаудан объектілерді бақылауға көшу. Осылайша, өндіруші немесе сатушы емес, өнімнің өзі тексеріледі. Ол үшін зертханалық сынақтар жүргізу мақсатында қауіпсіз емес өнімдердің үлгілерін іріктеу рәсімі енгізіледі, - деп түсіндірді вице-министр Ержан Қазанбаев.

Сонымен қатар, 2020 жылғы 25 маусымда «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң қабылданды, ол шағымдарды қараудың, оны беруден бастап  жан-жақты қарауға дейінгі бірыңғай жүйесін құруға бағытталған.

Кәсіпкерлер даулы жағдайларды болдырмауға мүдделі болатынын, ал олар туындаған жағдайда «осында және қазір шеш» қағидаты бойынша әрекет етеді. Министрлік «жазалау емес, түзету» қағидаты бойынша «қоғамдық» бақылауды енгізді. Сонымен бірге, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап e-tutynushy.kz Бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды. Аталған платформа тұтынушылық талаптарды салалар мен даудың мәні тұрғысынан бақылауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні жүйеге кіру рұқсаты тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің барлық қатысушыларына берілген, - деді Сауда және интеграция вице-министрі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы