1 доллар - 490 теңге: Ұлттық банк неге қымбаттағанын түсіндірді

Ұлттық банк доллардың қымбаттап, теңгенің не себепті әлсірегенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің сөзінше, банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Соңғы күндері доллардың теңгеге бағамы құбылып отырғаны байқалып отыр. Оның негізгі себептері, біріншіден, доллардың басқа елдің валюталарына күшеюі. Осындай индекс бар. Басқа елдердің валюталары 2,1%-ға күшейді. Тек теңгеге ғана емес, сонымен қатар фунт, еуро және басқа да валютаға доллар күшейді, - деді Сүлейменов.

Сонымен қатар Ұлттық банк басшысы нарықтық факторлар да доллардың бағамына әсер еткенін атап өтті.

Нарықтық факторлардың қатарында қосымша сұраныс бар. Экономикадан, квазимемлекеттік ұйымдардан қосымша сұраныс. Олар қазір инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырып жатыр. Сондықтан көптеген жабдығы, шикізаты, технологиясын импорттауға мәжбүр. Әрине импортты жасауға доллар керек. Ал долларды қайдан аласың? Долларды нарыққа шығып, банкке тапсырыс бересің. Осылайша олар нарыққа шығады. Осы себептен де сұраныс артып бара жатыр, - деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.

Ал үшінші себебі - қазір Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына валюта сатып алады. Ұлттық банк 40% деңгейіне жетіп, валюта сатып алуды тоқтатты. Енді жыл соңына дейін осы пайыз деңгейінде қалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы