1,4 мыңнан астам шетелдік ПТР анықтамасыз Павлодар облысының шекарасынан өтпек болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысында мемлекеттік шекарадағы «Қосақ», «Үрлітөбе», «Сұлу Ағаш», «Шарбақты» өткізу бекеттерінде қозғалысқа мониторинг жүргізу жалғасуда.
Шектеулер енгізілген сәттен бастап Павлодар облысына шамамен 110 мың адам келген.
26 мамырдағы жағдай бойынша 30 мыңнан астам ПТР тексеру барысында аурудың асимптоматикалық ағымы бар 202 адам анықталды.
1 446 шетелдіктің елге кіруіне (анықтамасыз) жол берілген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жұмыссыз қалған 55 мыңнан астам адамға жәрдемақы төленеді
Өзгелердің жаңалығы