1,4 млн теңге. Пара алған басшыға қатысты тергеу жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «AntikorNews» алаңында аптадағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров айтып берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Құрылыс басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді, - деп хабарлады тергеуші Данияр Бегайдаров.

Оның сөзінше, аталған тұлға орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін фирма басшысынан 1,4 млн теңге көлемінде пара алу күдігіне ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы