Маңғыстауда 1,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстауда жыл соңына дейін 1 млн 200 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов мәлімдеді.
2020 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша барлық қаржыландыру көздерінен 349 мың ш.м. тұрғын үй қолданысқа берілген. Салынып жатқан тұрғын үйлердің негізгі бөлігін жылдың 2-жартыжылдығында пайдалануға беру жоспарланған. Жыл соңында 1 млн 200 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Оның 238,332 мың шаршы метрі жеке тұрғын үй болса, 111,103 мың шаршы метр көпқабатты тұрғын үй.
Тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлемі 22,4 млрд теңгені құрады және өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 101,2%. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының көлемі 28,9 млрд. теңгені құрапы, нақты көлем индексі 101% болды. Бағдарламаның орындалуына 2020 жылы республикалық бюджеттен 10,1 млрд теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша жоспарланған 679,6 млн теңге толықтай игерілді. Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша іске асырылып жатқан жобаларда 925 уақытша және 50 тұрақты жұмыс орындары ашылады – деді әкім орынбасары
Соның ішінде, жалдамалы тұрғын үйлер құрылысына және сатып алуға 2,9 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы 29,5 мың ш.м. құрайтын 504 пәтерге арналған тұрғын үйлер құрылысына және 67 пәтер сатып алуға жұмсалады.
Жыл соңында 19,5 мың ш.м. құрайтын 352 пәтерге арналған тұрғын үйлер құрылысы аяқталады және 4,0 мың ш.м. құрайтын 67 пәтер сатып алынады Пайдалануға берілетін 419 пәтердің 215-і көпбалалы отбасыларға беріледі. Бұл бағытта 1-тоқсанның қорытындысы бойынша жоспарланған 277 млн теңге толықтай игерілді – деді ол.
Несиелік тұрғын үй құрылысына (облигациялық қағаздарды шығару есебінен) ағымдағы жылы 4,0 млрд теңге бөлінді. Биыл бұл бағыт бойынша 1282 пәтерге арналған 86 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер құрылысы жүргізіледі. Жыл соңында 627 пәтер немесе 45 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға беріледі.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысына 5,0 млрд. теңге көлемінде қаржы несиелік тұрғын үй құрылысына қаралған, бұл қаржыны мемлекеттік және жеке меншік әріптестік негізінде іске асыру жоспарланып отыр.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының құрылысына 3,2 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы 10 нысан құрылысына бағытталады. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша жоспарланған 402,6 млн. теңге толықтай игерілді.
Өңірімізде пайдалануға беріліп жатырған тұрғын үйлердің 50%-ға жуық көлемі көпқабатты коммерциялық тұрғын үйлер. Әкімдік тарапынан облыс орталығының бас жоспарына сәйкес жаңа аумақтарын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылуда – деді Нұрлыбай Аққұлов.
Ол сонымен қатар, Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кезекте тұрған азаматтарын Ақтау қаласына көшіру жайлы айтты.
2019 жылдан бастап Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес Жаңаөзен қаласының әкімдігінде кезекте тұрған азаматтарды Ақтау қаласына кқшіру жұмыстары басталды. 2019 жылы республикалық бюджет есебінен 2,7 млдр теңге қаржыға 268 пәтер сатып алынды. Сонымен қатар, «Өзенмұнайгаз» АҚ есебінен 1,0 млрд теңге қаржыға 126 пәтер сатып алынып, 70 пәтер 2019 жылы берілді, қалған 56 пәтер биыл беріледі. Сондай-ақ 2020 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ есебінен 1,5 млрд теңге қаржыға 150 пәтерден кем емес көлемде пәтерлер сатып алу жоспарлануда. Ал жалпы 2019-2020 жылдары Жаңаөзен қаласының әкімдігінде кезекте тұрған азаматтарға 544 пәтер жоспарланған – деді ол.