«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау туралы ереже бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындау туралы ереже бекітті. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығының жобасы ресми интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылған.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы волонтерлік салада әлеуметтік бағытта, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан жандар арасында тағайындалмақ.

Сондай-ақ, сыйлық тағайындалатын 16 номинация, өткізу тәртібі, арнайы онлайн-платформа, Комиссия құру тәртібі мен құрамы, сыйлықты өткізу кезеңдері мен нақты уақыттары, өтінім беру үлгілері белгіленген жобаны министрлік талқылауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы