"Талан" фильмі Оңтүстік Африкада өтетін кинофестивальге қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Режиссер Болат Қалымбетовтің "Талан" көркем фильмі Durban International Film Festival кинофестивалінің бағдарламасына қатысуда, ол 18-28 шілде аралығында ОАР Дурбан қаласында өтеді.
Қазақ киносы алғаш рет ОАР-да көрсетіледі. Оңтүстік Африкадағы ең ірі Durban IFF кинофестивалі биылғы жылы көрермендерге әлемнің түкпір-түкпірінен 180-нен астам фильм, сондай-ақ түрлі семинарлар мен "дөңгелек үстелдер"ұйымдастырады."Талан" картинасын танымал қазақстандық актер мен режиссер Болат Қалымбетов түсірген. Фильм ашаршылық пен қуғын-сүргін уақытында жетім қалған екі ұлдың тарихын баяндайды. Туынды желісі бойынша достар бірнеше жылдан кейін күтпеген жерде кездеседі.
Өткен жылы "Талан" фильмі Шәкен Айманов атындағы 14-ші халықаралық кинофестивалінде үздік режиссура жүлдесін алған. Сондай-ақ, бұл фестивальде фильм "Ел Арна Таңдауы" дипломына ие болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президенттің іс басқарушысы тағайындалды
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы