Құтқарушылар Қараөткелдегі су тасқынының алдын алу жұмысымен айналысуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көктемгі су тасқынына байланысты елордалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су басудың алдын алу бойынша жұмыс жүргізуде. Олар аталған жұмысты қала әкімдігімен бірлесіп атқаруда, деп хабарлайды ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.
Елордалық құтқарушылар қаладан бөлек көрші аймақтарға да тәулік бойы көмек көрсетуде. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қазір Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылында еріген қар суын сорғыту жұмысын жүргізіп жатыр.Тасқын судан құтқару жұмыстарына 3 техника (ПНС-110, АР-2, КУНГ) және жеке құрамның 10 адамы жұмылдырылған.
9 сәуірдегі жағдай бойынша 39 333 м3 көлемінде еріген қар суы сорғытылды. Қарды шығару, өзен арнасын кеңейту, бөгеттерді нығайту және су өту мониторингісінің арқасында құтқарушылар мен әкімдіктер елордада су тасқынын болдырмай, су басудың алдын алды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, - делінген департаменттің хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Цифрлық технологияларды дамытуда мәселе бар – Жамбыл облысы
Келесі жаңалық
Елордада ашылған тұңғыш қазақ мектебіне 25 жыл толды
Өзгелердің жаңалығы