Құтқарушылар «Сайрам» мұздығынан әйелдің денесін алып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төлеби ауданының тауында іздестіру-құтқару операциясы аяқталды, ол 3 күнге созылды.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Құрамында 10 адам бар Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағы құтқарушыларының екі тобы «Сайрам» мұздығының басында қайтыс болған 1981 жылғы әйелдің денесін іздестіру және шығарып алу жұмыстарын жүргізді, - делінген хабарламада.Бұл күрделі операцияға Шымкент қаласының альпинизм, спорттық туризм және мұзға өрмелеу федерациясының 6 альпинисі тартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
900-ге жуық медицина қызметкері МӘСҚ-тан төлемдер алды
Өзгелердің жаңалығы