Ауа райының қолайсыздығынан елордадағы сенбілік басқа күнге ауыстырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты бас қаладағы алғашқы жалпықалалық сенбілік басқа күні өтеді. Бұл туралы Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында жазды.

«Біздің қаламыздағы ауа райын болжау мүмкін еместігін білесіздер. Өкінішке қарай, ертең де елордамызда күн райы суық болып, жаңбыр жауады деп күтілуде. Мұндай кезде көшеге шығып, тазалық науқанын, ағаш отырғызу шараларын жүргізу мүлде ыңғайсыз. Ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, мен алғашқы жалпықалалық сенбілікті өткізу күнін ауыстыруды ұсындым», - деп жазылған Бақыт Сұлтановтың Facebook-тегі парақшасында.

Жалпықалалық сенбілік өтетін күн алдағы уақытта қосымша xабардар етілетін болады.

«Қалалықтардың көбісі ертеңгі тазалық акциясына белсене қатысуға ниет білдіргенін мен жақсы білемін. Мен Сіздерді осы райларыңыздан қайтпауға шақырамын. Нұр-Сұлтан қаласындағы жылы ауа райы баршамызды жақын арада қайта қуантып, біздің жалпықалалық сенбілікте бірлесіп, өз уақытымызды көңілді әрі пайдалы өткізуімізге сеп болады деп үміттенемін. Жалпықалалық сенбілік өтетін күнді алдағы уақытта қосымша xабарлайтын боламыз», - деп атап өтті ол өз хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы