Құс тұмауы: Қостанайлықтарға өлген құстарына өтемақы төленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құс тұмауына байланысты Қостанай облысы әкімінің қаулысымен карантин енгізілген елді мекендердің тұрғындарына өлген құстарына өтемақы төленеді.
Бұл туралы Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Бекет Facebook-тегі парақшасында жазды.
Құжаттарды жинап, өтемақы төлеуді ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мекемесінің Қостанайдағы филиалы жүзеге асырады.
Өтемақы алуға қажетті құжаттар:
1. Ветлабораторияның сараптама актісі;
2. Елді-мекенге карантин белгіленгені туралы қаулы;
3. Құсты, өлексесін жою үшін алғаны туралы акті;
4. Құсты, өлексені жою үшін алу туралы қаулы;
5.Құстың жойылғаны туралы акті;
6. Құстың орташа айлық нарықтық құны туралы акті;
7. Ауылдық округ әкімдігінің сізде құс бар екендігі туралы анықтама;
8. Құс иесінің Қазпошта немесе Банкідегі жеке шоты
.
Ескеретін жағдай: Осы тізбедегі 7 -ші мен 8-ші құжаттарды өтемақы алушы өзі жинауы керек. Қалғаны өтемақы төлеуші мекемеде бар. Сұрақтарыңыз болса ауылдық әкімдікке хабарласыңыз, - деп жазды ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Праймериз: Сағынтаев, Жолжақсынов, Рымбаева дауыс берді
Өзгелердің жаңалығы