Құс тұмауы. Оңтүстікте құстар қырылып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қызғалдақ Жұбатқанова айтты.

Қазақстан Республикасының оңтүстік аумақтарында құстардың қырылғаны (Жұбатқанова – құс өлімі) тіркелді. Олар - Жамбыл облысы және Түркістан облысы. Жамбыл облысының сараптамасы бойынша құс тұмауы анықталды. Ал Түркістан облысы бойынша әлі зерттеу жүріп жатыр. Зерттеу дайын болғаннан кейін қосымша хабарлайтын боламыз, - деді ол.

Комитет төрағасының сөзінше, Павлодар және Қостанай облыстарының ауылдық округтерінде қосымша карантин режимі енгізілді. Яғни Павлодар облысының Ақтау және Трофимовка ауылдық округтері, сонымен қатар, Қостанай облысының Сокол, Маяк және Красная Пресня ауылдары уақытша қарантин режимінде.

Қазіргі уақытта құс тұмауы 6 облыста тіркелді – СҚО, Жамбыл, Павлодар облысы, Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстары. Түркістан облысы бойынша әлі белгісіз. Өйткені сараптама дайын болған жоқ. Сараптама нәтижесі бойынша қосымша ақпарат айтамыз, - деді Қызғалдақ Жұбатқанова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы