Құрманғазы оркестрі 87-ші концерттік маусымын ашады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі өзінің 87 маусымын Абай мен әл-Фараби сынды ұлы тұлғалардың шығармашылығымен сабақтастырып концерттер өткізуді жоспарлауда.
Оркестрдің жоғары орындаушылық шеберлігі тыңдарман қауымның сүйіспеншілігін тудырып, оларды халқымыздың бай музыкалық мұраларымен, отандық және әлемдік классикалық озық музыка үлгілерімен сусындатып келеді.
87-ші концерттік маусымның ашылу рәсімі елімізде орын алған карантиндік жағдайға байланысты оркестрдің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы онлайн түрде өтеді.
Іс-шараға Құрманғазы оркестрімен бірге Республикалық конкурстардың лауреатты: Салтанат Аман, Айдос Жабағин, Рахат Сарсенов т.б. қатысады. Концерттік бағдарламада төл шығармаларымыз кеңінен орындалатын болады.
Оркестрдің бас дирижері – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты – Абылай Тілепберген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордалық волонтерлер адамдарға неге көмектесетінін айтты
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы