«Үркер» сыйлығы-2019: Үздік зерттеу алматылық журналиске бұйырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда өтіп жатқан баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығының «Жыл журналистік зерттеуі» номинациясының иегері белгілі болды.

Бұл аталымда 4 адам финалдық кезеңге өткен болатын.

Олар: Дана Круглова - «Informburo.kz Владимир Демидов - «Zakon. kz» Зарина Әбілмәжінова - «Baq.kz 
Яцун Анастасия - «Ноlanews.kz

Бұл жолы   «Ноlanews.kz» порталының тілшісі  Анастасия Яцун үздік шықты. Жеңімпазға сыйлықты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев табыстады. 
 
Үміткерлердің арасында әріптесіміз Зарина Әбілмәжінова болғанын айта кетейік. 

Еске сала кетейік, аталған сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, сыйлық өңірлердегі мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін көтеру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның  азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Ұлттық сыйлықтың негізгі мақсаты - талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына қоғамның назарын кеңінен аудару болып табылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы