«Үркер» сыйлығы-2019: «Үздік радио» анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда өтіп жатқан баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығының «Жыл радиостанциясы» аталымының жеңімпазы белгілі болды.

Бұл аталымда төрт ұжым финалдық кезеңге шығып, үміткер атанған:
«Радио Классик» 
«Орда ФМ» 
«Радио Астана» 
«Алау»  

Осылардың ішінен  «Радио Классик» жеңімпаз атанды. Сыйлықты Президент телерадио кешенінің директоры Ерлан Бекқожин табыстады. 

Еске сала кетейік, аталған сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, сыйлық өңірлердегі мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін көтеру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның  азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Ұлттық сыйлықтың негізгі мақсаты - талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына қоғамның назарын кеңінен аудару болып табылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы