«Үркер» сыйлығы-2019: «Үздік аналитика» номинациясының иегері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда өтіп жатқан баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығының «Жыл аналитикалық материалының» иегері анықталды.
«Жыл аналитикалық материалы» номинациясында «Информбюро» порталының тілшісі Евгения Бодрова үздік шықты. Оған сыйлықты «Қазақстан» ұлттық теле-радио корпорациясының төрайымы Ләззат Танысбай табыстады.
Айта кетейік, аталған сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, сыйлық өңірлердегі мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін көтеру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Ұлттық сыйлықтың негізгі мақсаты - талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына қоғамның назарын кеңінен аудару болып табылады.