«Үркер» сыйлығы-2019: Zakon.kz жыл порталы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда өтіп жатқан баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығының «Жыл порталы» аталымының жеңімпазы белгілі болды.

Бұл аталымда төрт ұжым финалдық кезеңге шықты. Олар:
Holanews.kz
BAQ.KZ
Baribar.kz
Zakon.kz

Жеңімпаз портал атауын Светлана Жалмағамбетова мәлімдеді. Финалистер арасынан Zakon.kz  жеңімпаз атанды. 

Еске сала кетейік, аталған сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, сыйлық өңірлердегі мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін көтеру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның  азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Ұлттық сыйлықтың негізгі мақсаты - талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына қоғамның назарын кеңінен аудару.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы