«Үркер» сыйлығы-2019: "Время" газеті үздік басылым атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда өтіп жатқан баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығының «Жыл басылымы» аталымының жеңімпазы белгілі болды.
Бұл аталымда төрт ұжым финалдық кезеңге шықты. Олар:
"Túrkistan" халықаралық газеті
"Время" газеті
"Ұлан" газеті
"Курсив" республикалық іскерлік апталығы.
Финалист басылымдар арасында "Время" газеті жеңімпаз атанды.
Еске сала кетейік, аталған сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, сыйлық өңірлердегі мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін көтеру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.
Ұлттық сыйлықтың негізгі мақсаты - талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына қоғамның назарын кеңінен аудару.