«Үркер» сыйлығы-2019: «Танымдық материалдың» иегері - Аян Өрібай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда өтіп жатқан баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығының «Қазақстан туралы жылдың танымдық материалы» номинациясының иегері белгілі болды.

«Қазақстан туралы жылдың танымдық материалы» атты номинацияның ақтық сынына 4 тілші үміткер ретінде тіркелген болатын. Олар:
Аян Өрібай - «ҚазАқпарат» ХАА 

Ернар Алмабек -  «Массагет.кз» Ақжарқын Қыдырханова - «Бәрібар.кз» Айгүл Бейсенбинова - «Вечерная астана» 
Осылардың арасынан «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі  Аян Өрібай үздік шықты.
Жеңімпазға сыйлықты ҚР президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин табыстады. 
 
Еске сала кетейік, аталған сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, сыйлық өңірлердегі мультимедиалық журналистиканы дамытуға ықпал ету, журналистика мәртебесін көтеру, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекіту, қоғамның  азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған.

Ұлттық сыйлықтың негізгі мақсаты - талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына қоғамның назарын кеңінен аудару болып табылады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы