Дәрігерлер 134 күн бойы нәрестенің өмірі үшін күресті
Алматы, BAQ.KZ. Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына жүктілігіне 25 апта болған 34 жасар әйел ауыр күйде түсті. Дәрігерлер салмағы 527 грамм нәрестенің өмірі үшін күресіп, оны аман алып қалды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Келіп түскен кезде пациенттің 2015 жылы гломерулонефрит (бүйректің зақымдануы) және бүйрек терминалдық ауруынан (соңғы сатысы) бүйректі аллотрансплатациялау донорлық операциясын (әкесінен) өткергені анықталды, оны А.Сызғанов атындағы ҰХО директоры, медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Болатбек Баймуханов жүргізген. Сәтті өткен операцияның арқасында нефрологтар көптен күткен жүктілікке рұқсатын берген. Алайда, жүктілік кезінде науқастың жағдайы қатты нашарлаған,-делінген хабарламада.Ауруханаға келісімен пациентті дереу реанимация бөліміне жатқызған. Сондай-ақ, пациенттің жағдайы ұрықтың өліміне әкелуі мүмкін инфекциялардың кесірінен қиындапты.
Нефролог, трансплантолог, гематолог, невропатолог, терапевт, акушер-гинеколог және реаниматологтардың қатысуымен жалпы қалалық консилиум шақырылды. Трансплант қызметінің нашарлауын және жалпы жағдайды ескере отырып, дәрігерлер кесар тілігі арқылы босандыру шешімін қабылдады,-делінген хабарламада.
Ота осы жылдың 4 наурызында Орталық директоры, профессор Гани Бодыков және хирург-трансплантологтың қатысуымен өткізілген.
Операция асқынусыз өтті. Нәтижесінде салмағы 527 гр., бойы 31 см шала туған қыз дүниеге келді. Нәрестенің дене-тұрқы алақандай ғана болды. Қыздың туған кездегі жағдайы респираторлық бұзылыстар, тыныс алу жеткіліксіздігі бар өкпе ателектазы, орталық жүйке жүйесінің гипоксикалық зақымдануы, шала туылу және жетілмеу, дене салмағының өте төмендігі есебінен өте ауыр деп бағаланды,- дейді Ғани Бодықов.
Реанимация бөлімінде жаңа туған нәрестенің өмірі үшін күрес 43 күнге созылып, содан кейін ғана сәби жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылған. Одан кейін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде 91 күн ұзақ күтім процесі күтіп тұрды.
Дәрігерлер нәрестенің өмірі мен денсаулығы үшін 134 күн бойы күресті. Олардың күш-жігерінің арқасында сәби 2 килограмм 70 граммға дейін салмақ жинады. Дәрігерлер нәрестеге өз бетінше дем алып, тамақтануға үйретті. Міне, 14 шілдеде, 4,5 айдан кейін көптен күткен шығару күні келді. Дені сау сәби үйіне шығарылды,- делінген хабарламада.Сәбидің анасы баланың жағдайы жақсы екенін айтып, дәрігерлерге алғысын білдірді.
Дәрігерлер - жарайсыздар! Олар - батырлар. Дәрігерлердің арқасында мен және менің көптен күткен қызым екеуміз қазір тіріміз. Олардың маған қолдау көрсеткені үшін үлкен рахмет. Әрбір жылы сөзі үшін рахмет! Сіздердің ерен еңбектеріңізге алғысым шексіз!, - дейді сәбидің анасы.
Қазіргі кезде нәрестенің өміріне еш қауіп жоқ, бала белсенді түрде жетіліп келеді. Анасы да өзін жақсы сезінеді. Дегенмен, Ғани Бодықовтың айтуынша, бала 1 жасқа толғанша Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының емханасындағы катамнез кабинетінде мамандардың бақылауында болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте магистралды 75 шақырым жол жөнделіп жатыр
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы