Құрбандық шалу қалай басталды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – Құрбан айт мерекесі. Биыл коронавирус пандемиясына қатысты айт намазы мешіттерде оқылмады. Алайда құрбандық шалуды Діни басқарма онлайн ұйымдастырған болатын. 

Елордадағы құрбандық шалу қалай өтіп жатқанын суреттен тамашалауға болады.


Qurban2020.muftyat.kz сайты арқылы тұрғындар құрбандық шалуға өтініш береді. Құрбандықтың еті мұқтаж жандарға таратылады. 


ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биылғы құрбан - өкілдік құрбан екенін айтқан еді.


 Яғни, адам баласы құрбандық шалатын кезде жұмыстан шыға алмай, денсаулығына қатысты және сапарда жүруіне байланысты мүмкіндігі болмаса, өкілдік арқылы құрбан шалады. Мысалы, бір кісіге өтініш жасап, қаражатын беріп, құрбандығын шалып беруге өтінеді. Діни басқарма биыл өкілдік құрбандық атқарып беруге жәрдемдесіп жатыр. Оның шариғи атауы өкілдік құрбан болса, қазіргі тілмен қашықтан жасау дейміз, - деді ол. 



Бас мүфти құрбандық құлшылық тек қуатты адамдарға жүктелген дүние екенін айтты.


Бір ауыз сөзбен 85 грамм алтыны бар не сол алтынның құны бар адам үшін міндет. Құзыретті ұйымның есептеуінше, ол 1,2 млн теңгесі бар адам. Яғни, құрбандық шалу оған ешқандай қиындық тудырмаса, оған міндет. Ал қалған адамдарға ол міндет емес, - деді ол. 


Құрбан айттың құрбандық малын шалу санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ұстанады. Суреттерден де оны байқауға болады. Қасапшылар маска тағып жүр. 



Құрбандық шалу үшін 40 қасапшы таңдап алынған болатын. 



Олардың арнайы сертификаттары да бар.



Айта кетейік, құрбандық еті мұқтаж жандарға еріктілердің көмегімен таратылады. 


Нұр-Сұлтан қаласындағы "Әзірет Сұлтан" мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қойдың бағасы 50 мың, ірі қара 350 мың теңге болып бекітілгенін айтқан еді. 


Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы