ҚР Білім және ғылым министрлігіне жаңа басшы тағайындалды

Астана, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі болып Күләш Шәмшидинова тағайындалды.

ҚР Парламент Мәжілісі Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрлерінің кандидатурасын қабылдады.

Бұған дейін Күләш Шәмшидинова "Назарбаев зияткерлік мектептері" АҚ Басқарма төрайымы қызметін атқарды.

Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы Алматы облысы Киров (қазіргі Көксу ауданы) ауданынын Бесқайнар ауылында дүниеге келген. Орта білімін бітірген соң, жоғары білімді, Қазақ Ұлттық әл - Фараби атындағы университетінің химия факультетінде алған, 1979 жылы аяқтаған. Бірінші жұмысын орны 1979 жылы Алматы облысындағы, Көксу ауданындағы Амангелді атындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болған. 1981-1986 жылдар аралығында комсомолдық қызметте еңбек еткен.

Комсомолдық жұмыстардан кейін түрлі деңгейлерде партиялық жұмыс етті. Басында, 1986 жылдан бастап Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы қызметін атқарған, ал 1991 жылы Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы ретінде еңбек еткен.

1991 жылы партиялық жұмыстарды аяқтап білім саласында қызмет етті. 1992 жылға дейін Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында директордың орынбасары болды.

1992 -1996 жылдары Талдықорған қаласындағы №18 Б.Жолбарсыұлы атындағы мектеп директорынын қызметін атқарды.

1996 жылдан бастап қалалық атқарушы органдарында жұмыс жасаған. Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары 1996 - 2002 болып, 2002 жылдың ақпан айынан ҚР Білім және ғылым министрлігінде вице-министр лауазымына тағайындалған.

2005 - 2007 жылдары - «Бөбек» РМКК Ұлттық ғылыми практикалық білім және сауықтыру орталығының Бас директоры болған.

2007 ҚР Білім және ғылым министрлігінде вице-министр лауазымыеа қайта тағайындалған.

2009 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы қызметін атқарды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы