Курчатов қаласының әкімі қайтыс болды

Алматы, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдағанов қайтыс болды. Бұл жайында қала әкімдігінің аппараты мәлімдеді. 

«Өкінішке қарай, Алмас Аманқолұлы 44 жасында ұзаққа созылған сырқатынан көз жұмды», - деді курчатов әкімдігіндегілер.

Оңдақанов Алмас Аманқолұлы – 1974 жылы 30 қазанда Алматы қаласында өмірге келген. 1995 жылы Жамбыл қаласындағы гидромелиоративті-құрылыс институтында білім алған. 

Еңбек өтілін 1995 жылы Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде инспектор болып жұмыс істеуден бастаған.

Әр жылдары Энергетика министрлігінің құрылымдарында және ШҚО әкімдігінде жұмыс істеген.

2017 жылдың наурызынан бері Курчатов әкімі болып қызмет атқарған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы