Қорғаста заңсыз зергерлік бұйымдар мен ақша тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

«Алматы облысы бойынша МКД «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының кеден бекетінде жалпы салмағы 16 кг болатын 1000 данадан астам зергерлік бұйымдарды тәркіледі. Сондай-ақ, 2 қазанда  «Қорғас» ШЫХО кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ № 2088 әскери бөлімі және Алматы облысының ЭТД қызметкерлерімен бірлескен жедел іс-шараларды жүзеге асыру барысында ҚР-дан ҚХР-ға шекара арқылы шетел валютасында ақша қаражатын алып өтпек болған ҚР азаматын ұстады. Белгіленген нысанда декларацияланбаған 35 000 АҚШ доллары, жалпы сомасы 13,6 миллион теңгеге жуық ақша қаражаты табылды», - делінген хабарламада.

Кедендік шекара арқылы өткізу кезінде ақша қаражаты мен зергерлік бұйымдар мәлімделмеген.

Қазіргі уақытта ұсталған тауарлардың кедендік құны мен келтірілген залал сомасы анықталуда, жоғарыда көрсетілген зергерлік бұйымдарға кедендік сараптама тағайындалды. Сондай-ақ,  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы мәселе шешілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы