Әйелдер арасындағы жалғыз Олимпиада жүлдегері елден қашып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Иран ислам республикасынан шыққан алғашқы әрі әзірге жалғыз Олимпиада жүлдегері Кимия Ализаде елінен қашып кетті.
Тхэквондошы қыз Кимия Әлизаде Иран билігіндегі шенеуніктерге ренжулі. Оның айтуынша, Иран мемлекетінің басшылары әйелдердің құқығына қол сұғып отыр.
Олар мені қайда қаласа, сонда жіберді. Олар бізбен әлі күнге дейін ойнап келеді. Мен олардың айтқанын киіп, айдағанымен жүрдім. Мен - Ирандағы қорлық көріп келген миллиондаған әйелдің бірімін. Біз тек құралмыз. Олар үшін біздің алған медальдарымыз бағалы. Өйткені оны саяси мақсаттарға пайдалануға болады, - деп жазды атлет өзінің инстаграмдағы парақшасында.
Спортшы "тек тхэквондоны, қауіпсіздікті және бақытты өмір мен мықты денсаулық қалайтынын" жазды. 21 жастағы спортшы енді Нидерландының атынан өнер көрсетпек.
Айта кетейік, Кимия Ализаде 2016 жылы Рио Олимпиадасында қола жүлде еншілеген.
Бұған дейін Ираннан дзюдодан әлем чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері Саид Моллаеи кетіп қалған болатын. Өйткені спортшы 2019 жылғы Токиодағы әлем чемпионатында Иран билігінің қысымы арқасында жартылай финалда әдейі жеңілуге мәжбүр болғанын айтқан еді. Себебі финалға шықса, израильдік Саги Мукимен кездесуі мүмкін болатын. Осы күні ол Моңғолия құрамасымен бірге жаттығып жүр.