«Қоғамдық бақылау» туралы заң жобасын әзірлеуге жұмыс тобы құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Президенттік жастар кадрлық резервімен кездесу барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.

Пандемия кезінде дәрі-дәрмектердің бағасының тұрақтылығын, гуманитарлық көмекті бөлу, медициналық ұйымдардың жұмысына республика бойынша 300-ден аса белсенді бақылау жүргізді. Қоғамдық бақылаушылардың арқасында проблемалы жерлердің жұмысы бір қалыпқа келтірілген, - деді Балаева кездесуде.
Министрдің сөзінше, қазір қоғамдық бақылаушылар шағын және орта бизнес субъектілерінде, саябақтарда, сондай-ақ халық көп шоғырланатын жерлерде, сауда орталықтарында маска және әлеуметтік арақашықтық сақталуын қадағалауда. 
Сондай-ақ олар рұқсатсыз той және басқа да іс-шара өткізетіндерді анықтайды. Сондықтан осындай проблемалар жеке қоғамдық бақылау бойынша жаңа заң қабылдануы қажеттігін көрсетеді. Бұл туралы Президент Жолдауында да айта кетті. Біз бүгін жұмыс тобын құрдық. Бұл топ жаңа заңның тұжырымдамасын әзірлейді, - деді ол.
Жұмыс тобына үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық, қазақстандық сарапшылар, қоғамдық кеңес мүшелері атсалысады. Сондай-ақ министр кездесуге келген Президенттік жастар кадрлық резервінің азаматтарын аталған жобаға қатысуға шақырды.
Сіздерді де осы маңызды жобаға қатысуға шақырамын. Заң жобасының негізгі қоғамдық бақылау институтын дамытуға және қолдауға бағытталады. Сондай-ақ, ол қоғам  алдында мемлекеттік огандар мен квазимемлекеттік секторлардың ашықтығын қамтамасыз етеді, - деді Балаева кездесуде айтқан сөзінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы