Аида Балаеваның төрағалығымен онлайн дөңгелек үстел өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 23 қыркүйекте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылау бойынша «Қоғамдық бақылау: мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тетіктері және заңнамалық бекіту» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, орталық және жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестердің мүшелері және мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты. Өз сөзінде Аида Балаева мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның қоғамдық бақылауды дамытудағы өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Біз Қазақстанның Азаматтық альянсы азаматтық белсенділіктің негізгі өзегіне айналып, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасында тұрақты байланыс орнататын маңызды элемент болатынына сенімдіміз, - деді министр «Азаматтық альянстың» жаңа президенті Б.Нұрғазиеваға.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы