Құны 21 млн доллар болатын жобаның құрылысы тоқтатылды – БҚО
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында құны 21 млн доллар болатын жобаның құрылысы басталмай жатып тоқтатылды, деп хабарлайды Atameken Business.
Бәйтерек ауданында ашылуы тиіс болған кәсіпорында күнбағыс сабағынан және басқа дақылдардан шөп целлюлозасы өндірілмекші болған.
Жобалық қуаттылығы – жылына 12 480 тонна. Бірақ айналым қаражаты жеткіліксіз болғандықтан, жобаны іске асыру мүмкін болмады.
Негізі, бүгінгі таңда целлюлоза өнімдері сұранысқа ие, сондықтан осы жобаны іске асыру үшін бірлескен инвестор іздестірілуде. Өндіріс орнын құру үшін 10 гектар көлеміндегі жер учаскесі бөлінген.
Ал жобаның бастамашысы ұңғыманы бұрғылап, инфрақұрылым бойынша жобаны да әзірлеп қойған.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл Жетісай ауданында 5 жаңа мектеп пайдалануға беріледі
Өзгелердің жаңалығы