Нұротандық депутаттар «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX Съезін қорытындылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Nur Otan партиясы Фракциясының Төралқасы өтті. Онда депутаттар-Фракция мүшелері Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX Съезін қорытындылады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуді ашқан Палата вице-спикері, Фракция Жетекшісі, Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Гүлмира Исимбаева кезектен тыс Съезінің тарихи маңыздылығын айтып, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның тұрақтану мен даму процесіндегі ҚР Тұңғыш Президентінің, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың көрнекті рөлін ерекше атап өтті.Парламенттік Фракциясының Жетекшісі, партияның кезектен тыс Съезінің делегаттары бірауыздан қолдаған кандидатура Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Елбасының ұзақ уақыт бойы сенімді серігі бола отырып, Партия Төрағасы көрсеткен стратегиялық бағытының сабақтастығы мен тұрақтылығын сөзсіз қамтамасыз ететіндігін айтты.
Өз кезегінде, нұротандық депутаттар Қазақстанның бұдан әрі табысты дамуын біздің бағдарымыздың сабақтастығы ғана қамтамасыз ететіндігі және осы жолда Nur Otan партиясы мен оның мүшелері жетекші рөл атқарулары тиіс деп айтқан Елбасының сөзін ерекше назарға алды.
Төралқа отырысын қорытындылай келе, Мәжілістің вице-спикері депутаттарды - Nur Otan партиясы Фракциясының мүшелерін Ұлт Көшбасшысының ауқымды бастамаларын іске асыруды жалғастыруға шақырды, елімізге аса қажетті тұрақтылық пен тыныштықты сақтау үшін, нұротандықтарға бұрынғыдан да үйлесімді бірігу қажет деді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да мемлекеттік қызмет түрлерін үйден алуға жағдай жасалуда
Келесі жаңалық
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандай ма?
Өзгелердің жаңалығы