Қазақстан Президенті Түркияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында Мемлекет басшысы қазақ-түрік қатынастарының достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Тарихи тамыры терең қатынастарымыз өте жақсы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарым-қатынасты нығайтуға өзінің зор үлесін қосты. Бүгінде елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2 млрд долларға жуықтады. Қазақстан нарығында көптеген түрік компаниялары табысты еңбек етуде. Халықаралық күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерге, атап айтқанда көпжақты ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарға қатысты пікірлеріміз ортақ", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
М.Чавушоглу Қазақстан Президентіне алғыс айтып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің конструктивті сипатын атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атырауда гипс зауыты ашылды
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы