"Ұмай" фильмі халықаралық фестивальде жеңімпаз атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Режиссер Іңкәр Әбдіраштың "Ұмай" ("Мальчик у окна") қысқаметражды фильмі Словакияның ай сайын өтетін Kosece International Monthly Film Festival халықаралық кинофестивалінде "Үздік режиссер-дебютант" сыйлығын иеленді. Бұл жайлы kazakhfilmstudios.kz хабарлайды.
KIMFF фестивалінің мақсаты – дүниежүзіндегі талантты режиссерлерді қолдап, оларды насихаттау. Словакияның жас кинематографистерінен құралған фестивальдің қазылар алқасы әр ай сайын жеңімпаздарды анықтайды. Жыл соңында лауреаттар өз номинациясы бойынша кинофестивальдің басты жүлдесі үшін күреске түседі. Жылдық жүлделерді табыстау рәсімі 2021 жылы 26-28 мамырға жоспарланған.
Естеріңізге салайық, Іңкәр Әбдіраштың дебюттік фильмінің желісі өзімшіл актрисаның өмірін түбегейлі өзгертетін балалар үйінің тәрбиеленушісі туралы баяндайды. Картинаның продюсерлері – Фархат Әбдрайымов пен Гүлшат Смағұлова.
Бұдан бұрын "Ұмай" фильмі British International Amateur Film Festival (BIAFF) Халықаралық әуесқойлар кинофестивалінде "Ең үздік фильм", "Ең үздік сценарий" номинациясы бойынша топ жарған болатын. Сондай-ақ фильм Х Dadasaheb Phalke Film Festival (DPIFF) Халықаралық кинофестивалінде үздік қысқаметражды фильм жүлдесін жеңіп алды.
Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының "Дебют" шығармашылық бірлестігі түсірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанайда 2 мыңға жуық дәрігерге өтемақы берілді
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы