Құлжа тасжолындағы жаңа жолайырық үш деңгейлі болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Бұқтырма көшесімен қиылысатын "Құлжа" тас жолында көліктерге арналған жол айырығының құрылысы жалғасып жатыр.

Нысан, бірінші кезекте, жоғарыда аталған бағыттағы кептелістің қысқаруына, экологиялық жағдайды оңалтуға, сондай-ақ, қалалықтардың діттеген орнына жыдам әрі ыңғайлы жетуіне мүмкіндік береді.

Жоба бойынша жұмыс өткен жылы шілдеде басталды. Осы уақыт аралығында жолшылар құмды-қиыршық тасты қоспалардан ұзындығы 550 метр болатын жол негізі мен жабындысын төсеп, арық науаларын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Құрылыс алаңының аумағын уақытша қоршады.

Жоба Бұқтырма көшесінің бойында ұзындғы 570 метрді құрайтын үңгіртауы, Құлжа тас жолында ұзындығы 783 метр болатын эстакадасы және осы көшелер қиылысында айналма қозғалысты ұйымдастыруға арналған рампа бөлігі бар үш деңгейлі жол айырығы құрылысын қарастырады.

Жобаның бас мердігері – "Bazis Construction" ЖШС. Құны – 20,2 млрд теңге. Жол айырығы Алматының солтүстік-шығыс бөлігіне түсірілетін жүктемені азайтады. Құрылыс жұмыстары нәтижесінде жолдың өткізу мүмкіндігі 15–20% артады. Келісімшартқа сәйкес жұмыстар 2022 жылғы ақпанда аяқталады деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, Құлжа тас жолы мен Рысқұлов көшесі қиылысындағы жол айырығы 2019 жылдың желтоқсан айында пайдалануға
берілді. Аталмыш жобаның бас мердігері "Bazis Construction" ЖШС болды.

Құны 20,3 млрд теңгені құрады. Екі деңгейлі жол айырығы қауіпсіздік пен сейсмикалылықтың жоғары деңгейлі стандарттарына сай екенін айта кету керек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы