«Ұлы даланың көне сарындары» Шығыс Қазақстаннан бастау алды
Астана, BAQ.KZ. Нұр Отан партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев негізі Шығыс Қазақстаннан бастау алған Абай театрындағы «Ұлы даланың көне сарындары» атты ұлттық музыка фестиваліне де қатысты. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.
«Ұлы даланың сарындары» атты музыкалық фестивалінің мақсаты ұлттық құндылықтарды дәріптеу, егемен еліміздің жарқын болашағын паш ету, Елбасымыздың «Ұлы аланың жеті қыры» мақаласына орай бұл бастама Абай елінде, Шығыста қолға алынып отыр. Алдағы уақытта бұл фестиваль Қазақстанның өзге өңірлеріне де сапар шегеді , - деді Нұр Отан партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев.
Фестивалге келгендердің бірі, мүгедек жан, қолөнер шебері, «Қазақстанның 100 есімі» жобасына кірген Абылайхан Асылбай да жылы лебізін білдірді.
«Шыны керек, осындай фестивалдер көңілді қуантады. Қазақтың ән-жырын, биін, күйін естіп, көңілім қуанып, жаным жадырап қалды. Біз сияқты мүмкіндігі шектеулі жандарды көп жерге шақыра бермейді. «Нұр Отан» партиясына көп рахмет! Расымен де еңсем тіктеліп, еліме тәуба деп отырмын», - дейді ол.
Сондай-ақ, Нұр Отан партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пікір білдірді.
«Нұр Отан партиясы «Рухани жаңғыру«Нұр Отан» партиясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тағы бір тың бастаманы қолға алды. Биыл еліміздің барлық аймағында «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалі өткізіліп, ұлттық өнеріміз ұлықталады. Алғашқы тұсаукесер концерт кеше қасиетті Семей қаласында ұйымдастырылды. Партиямыздың 20 жылдығына орай өткізіліп отырған бұл ауқымды шараның Семей жерінен бастау алуы да тегін емес. Өйткені Хакім Абай туып-өскен топырақтың қазақ өнеріндегі алар орны ерекше. Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында тарихи сананы жаңғыртудың тиімді тетіктерін атай келіп, бұл істе дала фольклоры мен музыкасының да алар орна ерекше екеніне назар аударған болатын. Осы тұрғыдан келгенде, қазақтың ән, күй, жыр, терме сияқты асыл құндылықтарын кеңінен дәріптейтін фестивальдің берері мол деп есептейміз», - деді ол.