Құлсарыда 100 пәтерлік 12 тұрғын үй салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында белгілі болды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аймақ басшысы жұмыс сапары барысында Майкөмген ауылына барып, "Игілік" бағдарламасы аясында салынған екі нысанды аралады. Олар - 100 орынға арналған "Бәйшешек" балабақшасы және сыйымдылығы 270 адамдық, ауданы 740 шаршы метр дене шынықтыру-сауықтыру кешені.

Сонымен қатар, облыс әкімі аудан орталығындағы көшелердің жарықтандырылуы мен жол құрылысымен танысты.

2019 жылы Жылыой ауданында ұзындығы 22 км 36 көшеге асфальт төселеді, МЖӘ аясында ұзындығы 80 шақырым болатын 118 көше жарықтандырылады.

Нұрлан Ноғаев Құлсары қаласындағы 100 пәтерлік 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын тексерді. Болашақта бұл жерде үй кезегінде тұрғандарға арналған әрқайсысы 100 пәтерлік 12 тұрғын үйден тұратын кешен бой көтереді.

"Инфрақұрылым жүргізу жұмыстары елдімекеннің даму жоспарына сәйкес үзіліссіз жасалуы керек, Бір желіні сақтай отырып әрекет етсек қана Құлсарыны абаттандыру бойынша белгіленген жоспарларды толық іске асыра аламыз. Бұл көп еңбекті, уақытты талап ететін жұмыс, соған қарамастан оң нәтижелер бар", - деді Нұрлан Ноғаев Құлсары қаласы тұрғындарымен кездесуде.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша аймақ басшысы Жылыой ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы