ҰҚК ұжымы Елбасыға денсаулық тіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұжымы Елбасының коронавирус індетінен тезірек сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұжымы Елбасының коронавирус індетіне шалдыққаны туралы хабарды шын қобалжып, уайыммен қабылдады. Біз Нұрсұлтан Әбішұлына тезірек айығып, күш-қуат жинауына тілектестік білдіреміз - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус індетін жұқтырғаны туралы хабарланған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Комиссия шешімі: 20-21 маусымда кімдер жұмыс істемейді?
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы