ҰҚК жедел-тактикалық оқу-жаттығу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қазанда Тараз қаласында республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекеттік органдардың теміржол инфрақұрылымы объектілерінде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл дағдылары
пысықталды.


"Оқу-жаттығу шеңберінде теміржол инфрақұрылымы объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуы мен ақпараттық жүйелері
киберқорғанының жай-күйі тексерілді. Арнайы мақсаттағы бөлімшелер поездың вагонында кепілде болған адамдарды босату және террористерді бейтараптандыру бойынша операция жүргізді", - делінген хабарламада.


Оқу-жаттығу мақсаты мен міндеттері толық орындалды. Қатыстырылған мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіп-қатерлердің жолын кесу бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетті.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы