Коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 272 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді.
Оған қоса 100 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 31086, 343 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26669 жетті.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 690 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 40 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 900 науқас жатыр. 1 790 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 104 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 11 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сапарбаев: Тәрбие – отбасынан басталады
Өзгелердің жаңалығы