ҰҚК: Уран концентратын сатпақ болғандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 қазанда ҚР ҰҚК қызметкерлері Қызылорда облысы аумағында 240 кг уран концентратын сатпақшы болғандарды ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
"Өткізілген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 4 мүшесі қылмыс үстінде ұсталып, оларға Қылмыстық кодекстің 283-бабының 2-бөлігі бойынша ("Радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу") айып тағылды", - делінген хабарламада.
Ядролық физика институты мамандарының қорытындысы бойынша, алынған уран концентраты қауіпті радиоактивті зат болып табылады. Көрсетілген заттың сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық және қоршаған орта мен халық денсаулығына қатерлі қауіп төндіреді (радиологиялық және токсикологиялық зардаптар).
Тергеу мәліметтері бойынша, радиоактивті зат қылмыстық топ өкілдері ванадий кен орнын игеретін кәсіпорнынан ұрлаған.
Басқа ақпарат сотқа дейінгі тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда 40 мыңнан астам оқушы түрлі шарамен қамтылады
Өзгелердің жаңалығы