Өңірдегі кәсіпкерлерді онлайн сатуға үйрету қажет – Бағдат Мусин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл электронды сауданың қарқынды дамып жатқанын байқап отырмыз. Осы жылдың 6 айында интернет дүкендерде 20 млн-ға жуық тауар сатып алынған.
Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин онлайн Үкімет отырсында айтты.
Оның айтуынша, отандық интернет дүкендерден алынған тауарлар саны 7 млн-нан 14 млн-ға дейін 2 есе өскен.
Электронды коммерцияда 4 негізігі дамыған бағыт бар. Олардың барлығында отандық платформалар орналасқан. Карантин кезеңіндегі нарықты қарасақ адамдардың алатын тауарлар санаты өзгерді. Киім мен косметиканы сатып алудың төмендеуі байқалады. Бірақ бұл ретте халық онлайн азық-түлік, дәрі-дәрмек және балалар тауарын көбірек сатып ала бастады, - дейді ол.Сонымен қатар, ол Қазақстанда пандемия кезінде өзекті болып табылатын көптеген тауар позицияларының өндірісі бар екенін ескерсек, тиісінше қазақстандық өндірушілерді онлайн сатуға шығару бағытында белсенді жұмыс істеу ұсынылатынын айтты.
Карантин себебінен Foodtech және Pharmtech бағыттары дүниежүзіндегідей елімізде де белсенді өсуде. Мысалы, отандық arbuz.kz суппермаркетінде 2019 жылмен салыстырғанда сатып алулар 7 есеге өскен. Бұл тұрғыда өңірлерде азық-түлік өнімдерінің онлайн сервистерінің пайда болуы маңызды. Бұл үшін осы компаниялармен бірге жергілікті кәсіпкерлерді онлайн сатуға үйретеміз, - дейді Бағдат Мусин.
Сондай-ақ ол, формацевтика сегменті бойынша да атқарылатын жұмыстар бар екенін атап өтті.
Бүгін антибиотиктерді онлайн сатып алу проблемасы бар. Себебі бұл арнайы рецептураның болуын талап етеді. Ол үшін біз Денсаулық сақтау министрлігімен жұмыс істеп, онлайн рецепті жүйесін дамытамыз, - деді ол.Оның айтуынша, онлайн сауданы дамыту үшін барлық қазақстандық компанияларға ірі халықаралық компаниялармен бәсекелесуге тура келеді.
Олардың ұзақ венчурлік қаржыландыруымен қамтамасыз етілетінін атап өткен жөн. Ол үшін венчурлік капиталдың отандық нарығын дамыту маңызды. Бұл бағытта венчурлік капиталды реттейтін заң жобасы әзірленеді. Сондай-ақ біз "Бәйтерек" Ұлттық холдингімен Қазвенчурес қаражатын қазақстандық стартаптарға тартамыз, - деді Мусин.Сөз арасында ол электронды сауда үшін логистикалық құрылым маңызға ие екенін атап өтті.
"Қазпошта" бизнеске арналған 3 фулфин орталықтарын ашты. Бірақ нарықтың қажеттілігіне сай 2023 жылға дейін елімізде 20 фулфин орталығын ашуды жоспарлап отырмыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы