Өңірде әлі де той-томалақ тоқтамай тұр – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз конференциясында айтты.
Қазіргі таңда өңірде КВИ-мен 1866 науқас тіркелді. Оның 865-і симптомды, 110 науқас симптомсыз. Өңірде маска тақпай, той-томалақ дегендер әлі де болса тоқтайтын емес. Оның салдарынан бір күнде 77 науқас тіркелді. Науқастарды талдайтын болсақ, 305-і - зейнеткер, 475-сі - жұмыссыз, 68 жүкті әйел, 100-ден астамы балалар. Азаматтар үйінде отырмайды, көрші өңірлерге барады. Сауығып шыққан азаматтар саны – 598, 3 адам қайтыс болды, - деді облыс әкімі.
Сапарбаевтың айтуынша, өкпенің қабынуы да өршіп тұр.
Қазір ауруханаларда 896 адам емделіп жатыр. 732 науқас белгіленген ауруханаларда ем алуда. Науқастарға дер кезінде көмек көрсету үшін 1855 төсек қорын жасақтадық. Инфекциялық төсектердің пайдалануы 71 пайызға тең болып, 665 орынды құрап отыр. Провизорлық 440 орын пайдалануда. Қазір дайындалған төсек қорының 800-ден астамы бос тұр. Қосымша науқастар болса, шектеусіз қабылдаймыз. 66 науқастың жағдайы ауыр, 300-ден астам науқастың жағдайы орташа. Қазіргі таңда облыста 10 компьютерлік томография жұмыс істейді. Ол біздің облыс үшін, әрине, аз. Бұл бойынша Денсаулық сақтау министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Әрбір ауданда осындай аппарат орнату жоспарланып отыр, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы