Еліміздің батыс және солтүстік облыстарында күн салқындайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 29 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Оралдағы циклон Батыс Сібір арқылы, ал онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан арқылы жылжыйтын болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

"Сондықтан республиканың батыс және солтүстік облыстарында жаңбырлы және салқын ауа райы сақталады. Ал шығысқа және оңтүстік-шығысқа суық және дымқыл ауа массаларының таралуына қарай, Қазақстанның қалған аймақтарында найзағаймен жаңбыр, күшті ұйтқымалы жел, температураның орташа көпжылдық мәннен 2…4°С-қа төмендеуі күтіледі", -делінген таратылған ақпаратта.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы