"Қазпошта" қызметкерлері АӘК-ті иемденіп алды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында «Қазпошта» қызметкерлері атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) иемденіп алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.һ
Түркістан облысында «Қазпошта» АҚ екі кассир-операторына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Олар қызметтік жағдайларын пайдаланып, «атаулы-әлеуметтік көмек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген азаматтардың қаражатын өздері иемденіп алған, - делінген жұмада таратылған хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, Екібастұзда «Қазпошта» АҚ пошта байланысы бөлімшесінің бастығы Т9,4 млн көлемінде бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы