"ҚазМедиа" орталығының қызметкерлерін жаппай тестілеу басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін "ҚазМедиа" орталығының ғимаратында COVID-19 бойынша жаппай тестілеу басталды.
Телеарналардың қызметкерлері үлкен залға жиналып, тест тапсырады.Естеріңізге сала кетейік, 18-20 мамырда "Еуразия" бірінші арнасының басшылығы тек өздерінің қызметкерлерін тексеруден өткізу туралы шешім қабылдаған болатын. Тестілеу барысында 2 адамнан індет анықталды. Жұқтырғандардың араласатын ортасы шағын болғанымен, Денсаулық сақтау министрлігі бәрібір де ҚМО-дағылардың барлығын тексеруге шешім қабылдады.
Әріптестеріміздің айтуынша, елде төтенше жағдай жарияланғаннан бері журналистер штаттық режимде жұмыс істеген. Бірақ бүгігі күнге дейін жаппай тестілеу өтпеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған әйелдің жүрегі тоқтады
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы