"Қазақфильм" басшылары "Алаш батыры" медалімен марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ-да киностудияның президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов және "Қазақфильм" киностудиясының басқарушы директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қанат Төребай "Алаш батыры" медальдарымен наградталды. 

Төс белгілерді Республикалық тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар одағының төрағасы Мұрат Мұхамеджанов табыстады.

Бүгін біз ардагерлер қозғалысын насихаттауда және жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруде қосқан үлесі үшін Арман Тұрсынбайұлы Әсеновті және Қанат Әшірбекұлы Төребайды Республикалық тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар одағының атынан, 9635 солдат пен офицерлер атынан, Қазақстандағы 30 филиалдың атынан «Алаш батыры» төс белгілерімен марапаттаймыз. Айта кетсек, А.Әсеновтің "Десант" фильмінде сомдаған лейтенант Ахметовтің рөлі 20 жыл ішінде жас офицерлерге үлгі тұтар тұлғаға айналды. А.Әсенов және Қ.Төребайдың кинематография саласында атқарған елеулі еңбектері Отан қорғаушылар арасында отанды сүю тәрбиесіне өзіндік үлестерін қосты, – деді Мұрат Мұхамеджанов.

Айта кетсек, Арман Әсенов кинода 20-дан астам рөлді сомдады. Өзіне тән қайраттылығы мен ерекше харизмасымен ерекшеленетін актер қазақ батырларының мінезін дәлме-дәл көрсете алды. Арманның сомдаған ғұн көсемі Аттиланың ("Теплые ветры древних булгар",  реж. Б.Мансұров, "Мосфильм", 2000 ж.), ауған соғысының батыры, аты аңызға айналған Қара майор Борис Керімбаевтың ("А-ға" оралу", "Қазақфильм" "Бәйтерек" продюсерлік орталығымен бірлесіп түсірілген, реж. Е.Кончаловский, 2011 ж.), Түрген батырдың ("Махамбет", "Қазақфильм", 2004 г.), Қобыланды батырдың ("Қазақ елі", "Қазақфильм", 2018 ж.) және тағы да басқа рөлдері қалың көрерменге жақсы таныс. Қанат Төребай – көптеген танымал көркем фильмдердің өндірісне қатысқан еліміздегі белгілі кинопродюсер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы