"Қара жолбарыс" нокаут алды
Алматы, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Арман Оспанов Алматыдағы АСА 105 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде Расул Мирзаевты жеңді.
Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.
Жекпе-жек бастала салысымен спортшылар ашық айқасқа түсті. Бір-біріне соққыларды жаудыра бастады. Расул Мирзаевтың дәл соққысынан кейі Арман тепе-теңдігін жоғалтып, құлауға шақ қалды. Бірақ оған қарамастан Арман өр мінезділік танытып, Мирзаевты соққылар астына алды. Бірінші раундтың ортаң беліне келгенде Арман "Қара жолбарысты" нокаутқа жіберді. Арманның жойқын соққыларынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Бұл Арманның спорттық мансабындағы оныншы жеңісі. Ал Расул Мирзаев спорттық мансабында 18 рет жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Ауыл" партиясы 16 баланы дүниеге әкелген кейуананы құттықтады
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы