Маңғыстау облысының оқушыларына компьютерлер мен роутерлер берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарақия ауданы бойынша мектеп оқушыларына қашықтан сапалы білім алуды қамтамасыз ету мақсатында 692 компьютер және 100 роутер сатып алынды. Бұл туралы Қарақия аудандық білім бөлімінің басшысы Қалбибі Беккалина мәлім етті.
Ауданымызда ата-аналардың қалауы бойынша мектептерде кезекші сыныптар жұмыс істейді. Аудан бойынша 15 білім беру ұйымдарында 7801 оқушы қашықтан білім алуда. Оқушылардың қашықтан сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін компьютерлер мен интернетке қолжетімділік болуы керек. Осыған орай аудан бойынша 692 отбасыға 692 дана компьютер және 100 роутер, мектептер теңгеріміндегі 324 компьютер пайдалануға берілді. Мектептердегі компьютерлер балаларға уақытша пайдалануға беріледі, - деді Қалбибі Беккалина.Сондай-ақ, «Дара» қорынан 28 ноутбук, 10 планшет, мәслихат депутаттарының демеушілігімен 10 интернет-модем аз қамтылған отбасыларға, асыраушысынан айырылған балаларға, көпбалалы отбасыларға таратылды. Алдағы уақытта аудандық бюджет есебінен 152 интернет-роутер сатып алу жоспарланып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі белгіленді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы