Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады.


Заңға сәйкес, Республика президентi Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып, ант қабылдады.


«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы