"Қаламқас" кен орны карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысындағы "Қаламқас" кен орнында еңбек ететін 7 қызметкерден коронавирус анықталған, деп хабарлайды "Хабар 24".
Вирус жұқтырғандар бірден облыстық провизорға жатқызылды. Қазір кен орнында арнайы комиссия жұмыс істеуде. 50-ден астам қызметкер оқшауланды. Санэпидемиологтар жұмысшыларды жаппай тексеруге кірісті.Айта кетейік, кен орны жұмысын тоқтатқан жоқ, тек онда кіріп-шығуға қатаң тыйым салынды. Сондай-ақ қауіпті індет аймақтағы атом энергия комбинатының бір қызметкерінен де табылды. Аймақта вирус жұқтырғандардың артуына орай жаппай дезинфекциялау жұмыстары күшейтіліп жатыр. Ақтау гарнизонының 60-қа жуық әскери қызметшісі күнделікті әлеуметтік маңызды нысандарда зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Тазарту жұмыстары маусымның 10-ына дейін жалғаспақ.
Іс-шараларды өткізу үшін жеке құрам арнайы қорғаныш киімдерімен, шашқыштармен, ыстық тұман генераторларымен жабдықталған. Жұмыстың бастапқы кезеңінде тұрғын үйлер, аулалар мен іргелес ойын алаңдары зарарсыздандырылады. Бүгін Ақтау қаласында 16-шы және 17-ші шағынаудандарында өңделеді. Өңдеу жұмыстары барысында бұрынғыдай «Рубеж» ерітіндісін қолданамыз. Оның қоршаған ортаға еш зиян, әсері жоқ, – дейді Ақтау гарнизонының радиациялық және химия-биологиялық қызметінің басшысы, Нұрлан Шайхов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
160 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Өзгелердің жаңалығы