235 мыңнан астам жамбылдық 42 500 теңгенің жәрдемақысын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айрылған 235 мыңнан астам облыс тұрғыны әлеуметтік төлемге қол жеткізді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сүйенсек, 23 сәуірге дейін тұрғындардан 270 мыңнан аса өтініш түсіп, олардың 246 мыңға жуығы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалы арқылы мақұлданды.

Бүгінгі күнге аталған төлем 235 320 өтініш иесінің қолына тиіп отыр. Оның ішінде Тараз қаласы бойынша – 79 767. Аудандар бойынша цифрлар төмендегідей: Байзақ ауданы – 21 497, Жамбыл ауданы – 18 119, Жуалы ауданы – 11 613, Қордай ауданы – 26 928, Меркі ауданы – 21 019, Мойынқұм ауданы – 5 076, Сарысу ауданы – 6 851, Талас ауданы – 8 294, Т.Рысқұлов ауданы – 14 281 және Шу ауданы бойынша 21 875 адам, - делінген хабарламада.

Аталған жәрдемақыға түсіп жатқан өзге де өтініштер төтенше жағдай біткенше қарала бермек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы